Жаңалықтар

Талғат Бигелдинов туралы қызықты 10 дерек

Талғат Бигелдинов туралы қызықты 10 дерек

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда дүниеге келген. Биыл атамызға 98 жыл.  Ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болған. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысты. 1. Талғат Бигелдинов көш кезінде түйеге тіркелген үлкен екі доңғалақты арбада дүниеге келген. 2. Бішкекте жүргенде өгей шешесі дұрыс қарамай, ашқұрсақ қалып, амал жоқ таудан кесіртке, жылан аулап жүрек жалғаған кезі болған. 3. Бала күнінде үйде бие мен сиырды бағып, оны кейін сауатын Талғат болған. 4. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған жалғыз қазақ. 5. Авиация генерал-майоры 6. Жасы ұлғайған шағында омарташылықпен айналысты. 7. Фашистер Бигелдиновтың ұшағына «Қара өлім» деген лақап ат берген. Ал әріптестері оны «Қазақтың қыраны» деп еркелеткен. Айтпақшы, оның ұшағының нөмірі 13 болған. 8. Майдан командирі Иван Конев оны «Бақырауық» (Крикун) деп еркелеткен. Себебі, Бигелдиновтың негізгі міндеті барлаушылық еді. Содан оның радиостансасы қуатты. Ол сөйлегенде басқа радиостанса тоқтап қалады екен. 9. 200 ұшақпен аспанға көтерілген сайын әжесі үйреткен «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләәһил ъалийл ъазиим. Машаа алллаһу кәәна уә мәә ләм яша’ ләм укян. Әл-имәәну иқрарун бил-лисаани уә тасдииқун бил қалби, би мәә жәә-а биһи мин ъиндилләәһи. Мухаммадун расулуллаһ саллаллааһу әлайһи уә салам» дұғасын оқыған. 10. Соғыс кезінде барлығы 500 сағаттай аспанда ұшып, жеке өзі жаудың 7 ұшағын атып түсірген.