Символды таңдап болмысыңызды таныңыз
Символды таңдап болмысыңызды таныңыз
1-символ: Жомарт, адамгершілігі мол
Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз.
2-символ: Тартымды, шыншыл
Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп міндет жүктеп аласыз. Мінезіңіз жақсы. Адамдар сізге сенеді. Сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз. Өткір тілді адам болғандықтан, таныс емес ортада да айтарға сөз табасыз.
3-символ: Ақылды, ойшыл
Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін өте маңызды. Белгілі бір мәселені шешу үшін жалғыз қалып, ойланғанды жақсы көресіз. Сіз – интровертсіз. Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Адамгершілік туралы ойлануға көп уақыт жұмсайсыз. «Дұрыс жолмен» жүруге тырысасыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз.
4-символ: Зерек, философ
Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Сіздің интуицияңыз жақсы дамыған. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді. Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз. Жеке кеңістікті қажет етесіз. Өз шығармашылығыңызды дамытуға тырысасыз. Өте сезімталсыз.
5-символ: Сенімді
Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.
6-символ: Тартымды, энергиясы мол
Сіз ашық жүзді, көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Аяқ астынан шешім қабылдауға бейімсіз. Өмірге ғашықсыз. Адамдарды таңғалдырып жүресіз. Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз.
7-символ: Сезімтал әрі философ
Жер бетінде сіз секілді адамдар өте сирек кездеседі. Өзіңізге ұқсайтын жандарды табу да қиын. Көп жағдайда өз ойыңызды жеткізе алмай қиналасыз. Сізге жеке кеңістік қажет. Шығармашылығыңызды ешкімнің пікіріне қарамастан, дамыта түсуге тиіссіз. Ақ пен қараны дұрыс ажырата білесіз. Өте сезімталсыз, айналадағының барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.
8-символ Өзіне сенімді және тізгін ұстағанды жақсы көретін жандар
Сіз тәуелсіз тұлғасыз. Ешкімнің қолына қарап жалтақтамайсыз. «Барлығын өзім жасаймын» деген өмірлік ұстанымыңыз бар. Өз күшіңізге ғана сенесіз.
Бұл өмірде не қалайтыныңызды, қандай мақсаттарға ұмтылатындығыңызды жақсы білесіз. Ал айналаңыздағы адамдардан сізге адал болуын ғана талап етесіз. Сіз тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындықтың дәмін татуға әзірсіз.