5 Тамыз несімен ерекшеленеді ?
5 Тамыз несімен ерекшеленеді ?
Халықаралық бағдаршам күні. 1914 жылы болған оқиғаға байланысты 5 тамыз күні атап өтіледі. Осы күні Амеркианың Кливленд қаласында заманауи құрылғылардың алғашқы үлгілері пайда болды. Оның қызыл және жасыл шамдары болды, ал түстерін ауыстырған кезде дыбыс сигналын шығарып тұрды.
Не дегенмен, ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт 19-ғасырда-ақ ойлап тапқан болатын. Бұл аппарат 1868 жылы Лондон парламенті ғимаратының алдына орнатылды. Үш жылдан кейін бағдаршам өздігінен жарылып, полицейді жарақаттады. Бұдан кейін бағдаршам 50 жылға ұмытылды. Тек 1910 жылы екі түсі бар алғашқы автоматты бағдаршам құрылғысы патенттелді.
Қазіргі қолданыстағы үш түсті бағдаршамдарды алғаш рет 1920 жылы Детройт пен Нью-Йорк қалаларының тұрғындары көрді. Уақыт өте келе құрылғылар Америка мен Еуропаның түрлі қалаларында кең қолданыла бастады.
5 тамызда елімізде болған тарихи оқиғалар
2011 жылы Қазақстан соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 7 жылға бас бостандығынан айыру және бар мүлкін тәркілеу жазасына кесті;
1718 жылы Семей бекінісінің (Семей қаласы) негізі қаланды. Бекініс қарағай орманының арасында Ертіс жағалауында орналасқан. Қазіргі уақытта бұл жер "Ескі бекініс" деп аталады;
2007 жылы Алматыда қазақ тіліндегі әлемдік ертегілерді қамтыған алғашқы CD-дің тұсаукесері өтті. Барлық материал Қазақ радиосы тапсырылды.