Шымкентте жөндеуден өткен жолдар пайдалануға берілді
Шымкентте жөндеуден өткен жолдар пайдалануға берілді
Шымкент қаласында ағымдағы жылдың сәуір айында басталған орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 7 шақырымнан асатын ішкі көше жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде әрбір атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстарын қала әкімі Мұрат Әйтенов қатаң бақылауға алған.
Пайдалануға берілген көшелерді атап айтар болсақ:
- Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы Фурхат, Атой 1,2,3 көшесіне мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр.
- Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабы Желтоқсан көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі жүргізді. Ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр.
- Қаратау ауданы, Бозарық тұрғын алабы Ұста Мұхаммед көшесінен басталатын атауы жоқ көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы 1,1 шақырым, ені 5 метр.
- Абай ауданы, Ынтымақ шағын ауданы Қарасу көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Таған» ЖШС-гі толығымен аяқтады. Көшенің ұзындығы 2,5 шақырым, ені 5 метр.
Жалпы, биыл Шымкентте 240 нысан, 314,7 шақырым жол, 7 көпір, 1 жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға беріледі.