Шымкент: құрбан айт күні 5 мыңнан астам отбасыға ет таратылды
Шымкент: құрбан айт күні 5 мыңнан астам отбасыға ет таратылды

– Биыл еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қасиетті Құрбан айт мерекесіндегі құрбандық шалу онлайн түрде жүргізілді. Яғни, қаламыздағы ниет еткен азаматтар «Qurban2020.kz» сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, амалдарын орындады. Онлайн тапсырыс бергендер тарапынан 39 ірі қара мал, 396 ұсақ мал, ал тұрғындар тарапынан 18 ірі қара мал, 292 ұсақ мал құрбандыққа шалынды. Бұл құрбандыққа шалынған малдың еттері 5650 отбасыға таратылды. Ол отбасылар – көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және уақытша табысынан айырылған отбасылар. Осы ретте айта кетейін, қасиетті мерекеде құрбандыққа шалынған малдың еттері мұқтаж отбасыларға дер кезінде таратылуы мен ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында арнайы топ құрылуына қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының көмегі орасан болды, – деді Б.Нұрматұлы.Бас имамның сөзіне сүйенсек, қалада биыл құрбандық шалу шарасы онлайн түрінде алғаш өткенімен, нәтижесі былтырғы жылдан жоғары. Дегенмен кей қателіктер кеткенін жоққа шығармады. Яғни өтініш беру барысында көрші өңірлерден де өтініштер түсіп, ол 3800-ге жуықтаса, ал қайталанған өтініштер 1 мыңнан асыпты. Бұл ретте қаламызда мешітке тіркелу арқылы өтініш берген 2000 мыңнан астам мұқтаж отбасыға ет таратылғанын айта кеткен жөн.
