Жаңалықтар

Қырғызстандық азамат Қытайда жоғалған 35 туысын іздейді

Қырғызстандық азамат Қытайда жоғалған 35 туысын іздейді

 width= Қазіргі таңда Қырғызстанда тұратын ұлты ұйғыр Меметұрсын Хесен Қытайда із-түссіз жоғалып кеткен 35 туысын іздейді деп хабарлайды RFA агенттігі. Ол өзінің отбасы мүшелерін, туыстарын іздеп жүргеніне үш жыл болғанын айтады. Хесеннің ойынша жұбайы Нуримангүл 2017 жылы Қарғылықта түрмеге қамалған. Ал қызы мен егіз ұлын қайда әкеткенінен мүлде хабарсыз. Онда бар мәліметке сай оның әпкесі Патемхан Хесен мен оның қызы әйелі қамалған түрмеде болуы мүмкін. Қалған туыстарының қайда екені жайлы ақпарат жоқ. Хесен АҚШ қабылдаған жаңа заңға сай өз туыстарын тауып қалуға үмітті.
«Мен және анам екеуміз Қырғызстанда тұрамыз. Әйелім, балаларым мен туыстарым Қытайдың Қарғылық аймағында еді. 2016 жылы әйеліммен телефон арқылы сөйлескенімде, ол дереу Қытайға қайтуымды өтінді. Жүрегім бір жамандықты сезді. Бірақ ол сәтте анамның аяғы сынып, мен бара алмадым. Сол уақыттан бастап олардан хабар үзілді. Анам екеуміз Қырғызстандағы Қытай елшілігіне кемі 50 рет бардық. Бізді қуып шығады. Көп болса олардың үйде жоқ екенін айтады. Менің қызым биыл 17 жасқа келеді. Ал ұлдарым 15 жаста. Мен барлығы 35 туысымның Қытайда лагерьде отырғанын білемін, бірақ нақты қай лагерь екенінен бейхабармын. Анам күнде жылайды. Алайда үмітімді үзбеймін» дейді Хесен RFA арнасына берген сұхбатында.

Асхат Қасенғали