Түркістан: ​«Ұлы даланың жеті қыры» жастарға ой салды

02 Желтоқсан, 2018 461 0

Түркістан облысы, Арыс ауданы жастары арасында Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шыққалы барлық өлкеде қызу талқыға түсіп, пікір білдірушілер саны артып келеді. Өз орайы келгенде Арыс өңірінің жастары да бұл мәселеде шет қалмай, Елбасымыздың мақаласын терең түсінуге тырысты. Әрбір жасқа келелі ой салған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жастарға айтарлықтай әсер етті. Дөңгелек үстелге жиналған жастар мақала тек тарихи құндылықтарды білумен шектелмей, оған тың көзқараспен қарап, тарихи сананы жаңғыртудың тәсілдерін ұсынумен де құнды екендігін тілге тиек етті. 

Жастар мақаладағы Елбасымыздың парасатты пікірлері мен ұтымды көзқарастарына өз ойларын білдіріп, игі бастамаға атсалысу – әрқайсының қастерлі міндеті екендігін түсінді. Сонымен қатар, мақалада айтылған әрбір сөйлемге, ой-орамдарға нақты тоқталып отырды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.