Жаңалықтар

800 мың адамға 21250 теңге тағайындалды

800 мың адамға 21250 теңге тағайындалды

 width= Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілдеде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде бір реттік төлем тағайындауға 2,4 миллион өтініш қабылдады. Төлем шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға арналған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
"4 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, төлем 2 миллион 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 142 мың қазақстандыққа аударылды", - делінген ақпаратта.
2,1 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңге мөлшеріндегі бір реттік әлеуметтік төлем алды. Қазақстанда карантиннің тағы екі аптаға созылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір реттік төлем алатын 799,6 мың адамға 21 250 теңге (ең төменгі жалақының жартысы) қосымша төлем тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ, деп нақтылады ведомство. Ал 42 500 теңге төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.
"Тағы 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 347,4  мың адам 42500.enbek.kz порталы, 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.
Айта кетейік, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.