Жаңалықтар

Шымкент: 63 жастағы зейнеткерді соққыға жығып өлтірген

Шымкент: 63 жастағы зейнеткерді соққыға жығып өлтірген

 width= 26 шілдеде кешке Алматы тас жолы мен Шымкенттің Әл-Фараби көшесінің қиылысында белгісіз біреу 63 жастағы жергілікті тұрғынды ұрып-соққан. Кейін жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы белгісіз біреудің 63 жастағы құрбанды ұрып, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлімі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс ашылды.
 "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Абай АІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері патрульдік полиция полкінің №810 автокөлік тобымен бірге күдіктіні ұстады. Ол 41 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты", - деді Шымкент полиция басқармасы тергеу басқармасы бастығының орынбасары Өмірбек Бекбердиев.