Түркістан облысында орын алған жанжалға кім кінәлі?
Түркістан облысында орын алған жанжалға кім кінәлі?
Түркістан облысында әйел өзінің танысымен жанжалдасып, оның күйеуінің көлігіне зақым келтірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Созақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын сағат 13.00-де үйіне таныстарының келіп, жанжал кезінде келген әйелдердің бірі күйеуінің автокөлігін зақымдағанын айтып арызданған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Әйел кепілге шығарылды."Созақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында әйелдің жәбірленушімен қарым-қатынасы нашар болғандықтан, көліктің әйнегін сындырып тастағаны анықталды", - делінген ақпаратта.