Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

14 Желтоқсан, 2018 885 0

14 желтоқсан күні Қазақстанның 4 қаласында  метеорологиялық жағдай жайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Астана, Көкшетау, Петропавл және Шымкент  қалаларында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.