Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың АҚШ-та өтетін ән кешінде өнер көрсетеді

14 Желтоқсан, 2018 697 0

Қазақстанның әйгілі әншісі Димаш Құдайберген ресейлік танымал сазгер Игорь Крутойдың Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық кешінде ән шырқайды. Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

Игорь Крутойдың 65 жасқа толуына орай келесі жылы қазанның 6-сында Бруклиндегі «Барклайс» орталығында мерейтойлық ән кеші өтеді. Сазгердің шығармашылық кешінде Димаш Құдайбергеннен бөлек ресейлік жұлдыздар да өнер көрсетеді. Олардың қатарында Филипп Киркоров, Николай Басков, Валерий Ленонтьев, Ирина Алегрова, Алсу, A’Studio, Анжелика Варум, Ани Лорак, Дима Билан, Сергей Лазарев бар.


Сондай-ақ, Димаш Құдайберген 15-16 желтоқсанды Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Silk Road Cohesion Awards 2018 кинофестивалінде өнер көрсететінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген Қытайдың Хайнань қаласында өткен халықаралық кинофестивальде «Титаник» фильміндегі әнді орындап, жұртты таңдай қақтырған еді.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.