Шымкентте шектеу шараларын сақтамаған азаматтарға 178 хаттама толтырылды
Шымкентте шектеу шараларын сақтамаған азаматтарға 178 хаттама толтырылды

– Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендеуі байқалады. Мәселен, ЖІИ 3,9 есе, қызылша 1,3 есе, серозды менингит 14 есе, бруцеллез 5,2 есе, эхинококкоз 1 жағдайға, тұмау 8 жағдайға, ЖРВИ 1,4 есе және тыныс алу органдарының туберкулезі 42%-ға төмендеген. Ал менингококк инфекциясымен 6 жағдай, қышымамен 103 жағдай және КҚГҚ-ның 1 жағдайы тіркелген. Осы ретте коронавирус індеті жайлы айтсам, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 2 тамызы аралығында COVID-19 инфекциясымен 4980 жағдай тіркелді (2561 симптомды, 2419 симптомсыз). Яғни, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 474,7 құрап отыр, – деді Ғ.Әбішев.Брифингте сұрақ-жауап барысында Ғалымжан Мотайұлы шектеу шаралары мен санитарлық нормаларды бұзған азаматтар және кәсіпкерлік нысандарға салынған айыппұл жөнінде тілге тиек етті. Оның айтуынша, елімізде төтенше жағдай енгізгеннен бері бүгінге дейін Шымкент қаласында 178 хаттама толтырылып, 10 миллионнан астам айыппұл салынған. Одан бөлек, карантин режимі мен санитарлық нормаларды сақтауды бақылау нәтижесінде қалада инфекциялық аурулардың төмендегені айтылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында карантин және шектеу шаралары 2020 жылдың 3 тамызынан 17 тамызына дейін ұзартылды.