Индонезиядағы апаттан 4211 адам мерт болды

13 Желтоқсан, 2018 795 0

Индонезия елінде биыл болған табиғи апат салдарынан 4211 адам көз жұмған. Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохо мәлімдеді, деп жазады newsroom+ портады  Islam-today-ге сілтеме жасап.

Өкілдің айтуынша, жыл басынан бері елде 2374 апат болып, оның салдарынан 4211 адам қаза тапқан. Табиғи апаттардан тағы 6940 адам зардап шеккен. 10 миллионға жуық адам баспаналарын тастап шығуға мәжбүр болған.

28 қыркүйек Индонезияның Сулавеи аралында магнитудасы 7,5 балдық жер сілкінісі, осыдан кейін Палу қаласында цунами болған. Уақиға салдарынан 2 мыңнан аса адам қаза тауып, 1,5 мың адамның мәйіті табылмаған.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.