Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті

10 Желтоқсан, 2018 622 0

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Келелі жиынға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ел ағалары бас қосқан алқалы жиында Түркістан облысы әкімінің жаңадан тағайындалған орынбасары Мәлік Отарбаев төрағалық етті.

Кеңес отырысында Түркістан облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жаңа құрамы бекітіліп, қолға алынатын ауқымды бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.


Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Түркістан олблыстық Ассамблея жанындағы Қоғамдық құрылымдардың жетекшілерін тағайындау болатын.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.