Түркістандық медицинаның дамуына жол ашқан тағы бір ынтымақтастық меморандумы

07 Желтоқсан, 2018 605 0

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев жұмыс сапарымен Новосибирск қаласында болды. Облыстың бас дәрігері Новосібір облысының Денсаулық сақтау вице-министрімен және медициналық мекемелердің басшыларымен кездесті.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің ректоры Игорь Маринкин ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Новосібір мемлекеттік медициналық университеті арасындағы меморандум барысында тараптар өзара түсіністік пен өзара тиімділік негізінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында екі жақты ақпарат алмасу, медицина мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарлануда. Екі елдің медицина саласы жетекшілері тиімді ынтымақтастық халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететіне сенімді.

Меморандум барысында мемлекеттік ауруханаларды жаңғырту үшін денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру, телемедицина саласындағы ынтымақтастық, денсаулық сақтау саласында бірлескен ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар ұйымдастыру сондай-ақ, денсаулық сақтау мәселелері бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жоспарлануда.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.