Пандемия кезінде антисептикті сылтау етіп, этиль спиртін тонналап жеткізіп жатқандар бар. Бірақ, олардың барлығы бірдей емдік мақсатта пайдаланылмайды екен.
5 литрлік пластикалық құтыға құйып көпшілікке көлеңкелі кәсіппен сатып жатқан көрінеді. Құрамы белгісіз ащы судан бүгінде елімізде 27 адам көз жұмыпты. Бұл туралы
Еуразия бірінші арнасына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жаса хабарлайды.
Сапасы төмен болса да, ішімдіктің дәмін татып, масайғысы келетіндердің көпшілігі оның ең алдымен бағасына қызығуда. Ғаламторда 2000-3000 теңгеге саудаланып жатыр. Құтысы үлкен болғандықтан көпшілігі жора-жолдастарымен бірігіп алып, бөліседі екен.
ӘСЕМ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Бірінші рет ішкен жоқ, қай жақтан алды? достарынан алды. Жолдастарымен ішкен ғой. Қаза тапты он адам. Көптен бері сатылмайды. Сондай болып шыққан ғой. Сондай попалось».
Мамандардың айтуынша елімізде 27 адам дәл осындай күмәнді ащы судан дәм татып көз жұмған. Мәселен Ақмола облысында 18 адам уланып, 12-і мерт болды. Ал, Қостанайда «этонолдан уланған» деген диагнозбен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, олардың 11-і бақиға аттаныпты. Сараптама жүргізген мамандар сапасы стандартқа сай келмейтіндігін жеткізді.
АЙНАГҮЛ МУСИНА - АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:
«Сараптама қорытындысы бойынша бұл органолептика көрсеткіштеріне сай емес. Түсі бұлдыр болды. Иісі де алкогольді ішімдіктің иісіне келмейді».
Негізінен ішімдіктерге қойылатын талап бар. Бірақ, астыртын жолмен келетіндерді қадағалау мүмкін болмай отыр. Мәселен пандемия кезінде антисептик ретінде ел аумағына кіргізіп, кейіннен 5 литрлік пластикалық құтыларға құйып сататындар пайда болыпты. Мамыр айында жедел алдын алу шаралары барысында Алматыда 30 литр этиль спиртін заңсыз жолмен өткізбек болғандар ұсталған. Ал, маусым айында 11 тонна спирт тәркіленді. Мамандар пластикалық бөтелкеге құйылған ащы су онымен реакцияға түсетінін айтады.
ӘМІРЖАН ҚАЛИЕВ - «КАЗАЛКОТАБАК» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Пластикалық құмыраға құйған кезде арақтың құрамындағы спирт пластикпен реакцияға түседі. Соның салдарынан сұйықтың ішінде қауіпті өнімдер пайда болады. Оның үстіне, ол мынандай күннің көзінде тұрып қалса немесе жылы жерде тұрса, ол реакция 10-20 есеге көбейеді. Оны ішкен адам 1-2 неден кейін уланып қалуы мүмкін. Даже өліп кетуі мүмкін».
Негізінен алкогольді арнайы құятын құтыға байланысты бекітілген нормалар мен талаптар бар. Мәселен спирті 12 проценттен асатын өнімдерді пластикке немесе этикеткасыз ыдыста сақтауға тыйым салынған. Сондықтан, мұндай ішімдікті тұтынудан бас тартқан абзал дейді мамандар.