Жаңалықтар

Қазақстанда пневмониядан 4042 адам көз жұмған

Қазақстанда пневмониядан 4042 адам көз жұмған

 width= Аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары негізінде зертханада анықталған КВИ мен ПТР-тест нәтижесі таза болғанымен, пневмонияға шалдыққан науқастар бірге есепке алынады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Коронавирус инфекциясын кодтау алгоритміне сәйкес, қазір зертханада анықталған жағдайларға U07.1 коды және расталмаған немесе ықтимал жағдайларға U07.2 коды қолданылады. Бірінші және екінші код қойылған науқастар COVID-19 жұқтырған деп есептеледі.

"Бұл тәсіл дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды жоспарлауға мүмкіндік береді, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етеді", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз жиынында.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвильдің пікірінше, жаңа әдістеме қоғамдық денсаулық сақтау саласында іс-шаралар, медициналық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру және олардың жүктемесі ауырлаған кездегі жұмыс істеу қабілеті сияқты медициналық-санитариялық шаралар негізінде нақты, уақытылы және стандартталған медициналық ақпарат ұсынудың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Биыл 13 наурыз бен 2 тамыз аралығында 92 662 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 1 058 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, биыл 1 қаңтардан 2 тамыз аралығында 256 541 азамат пневмонияға шалдыққан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген науқастар саны 3,3 есеге артты (76 985 жағдай). Министрлік осы статистика негізінде пневмониядан болған өлім-жітімге анализ жасауда. Жыл басынан 4 042 адам пневмониядан көз жұмды, 2019 жылмен салыстырғанда қайғылы жағдай 1,9 есе өсті (2 033 жағдай). 13 наурыздан бастап науқастардың 67,4%, яғни 62 511 пациент жазылып шықты, соңғы тәулікте – 672 адам аурудан айыққан. Әсіресе Батыс Қазақстан (87%), Алматы (80%), Түркістан (79%), Қостанай (75%), Ақмола (73%), Маңғыстау (72%) облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (73%) жазылып шыққандар саны көп. Қатаң карантиндік шектеулердің нәтижесінде республика бойынша (4,0-ден 1,6-ға дейін), сондай-ақ Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында тәулік ішінде тіркелген науқастар санының азайғаны байқалады.