Масканы кімдер тақпайды?
Масканы кімдер тақпайды?
Алексей Цой маска тағудың жаңа ережелерін таныстырды:
«Күн ыстық, көктемгі ауыр жағдайдан кейін маска киіп жүрудің қиын екенін білеміз. Бірақ, бұл пандемиямен күрестің алғышарты. Кеше карантин режиміне жаңа ережелер енді".Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Оған сәйкес: • 5 жасқа дейінгі балалар; • спортпен жалғыз немесе 5 адамнан кем топпен айналысатын адамдар: • қоғамдық тамақтану орындарында маскасыз жүруге болады. Алайда әлеуметтік арақашықтық сақтау міндетті» деді еліміздің бас дәрігері. Ол Қазақстанда КВИ індетін жұқтырушылардың 67,5 % жазылып шыққанын жеткізді.
«Шарықтау шегінен өттік. Ұлт пен денсаулық сақтау жүйесіне осындай қиындықпен келген тұрақтылықты сақтап қалуымыз керек» деді Алексей Цой.