Жаңалықтар

Стихиялық қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түскен

Стихиялық қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түскен

 width= Осыған дейні Экология министрлігі тұрғындарға стихиялық үйінділер фактісі туралы хабарлауға, заңбұзушыларға сол жерде ескерту жасауға, полиция шақыруға үндеген болатын. Үндеуден кейін ел тұрғындарынынан 515 арыз келіп түскен. Оның ішінде 384 шағым стихиялық қоқыстарға, 131-і - толып кеткен контейнерлерге қатысты. 5 жағдайда фактілер расталмады. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Стихиялық қоқыстар туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (73), Шығыс Қазақстан (46) және Қарағанды облыстарынан (41), сондай-ақ Алматы қаласынан (44) келіп түсті. Ақмола (30) облысы азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша «бестікке» кірді. Бүгінгі таңда полигондардың жартысынан көбі (282) әкімдіктермен бірге жойылған. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады. Еске салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Ватсаптағы осы нөмір арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық коқыс туралы ақпаратты, оның ішінде расталған фотосуреттер мен бейнетүсірілімді жібере алады.