Маңғыстау облысында КамАЗ бен тауар тасымалдаушы пойыз соғылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты өңірдегі полиция департаменті растады.
"Аталған жол-көлік оқиғасы Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 10 сәуірде таңғы сағат 9-да болған", - делінген ведомство хабарламасында.Ақпарат бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін елемей, тауар пойызымен соқтығысып қалған. Зардап шеккендер жоқ.
Жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы (көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама жазылды."Материал әкімшілік сотқа жіберіледі", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.