weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтау маңында КамАЗ жүргізушісі пойызға соғылды

Ақтау маңында КамАЗ жүргізушісі пойызға соғылды

Ақтау маңында КамАЗ жүргізушісі пойызға соғылды
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында КамАЗ бен тауар тасымалдаушы пойыз соғылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ақпаратты өңірдегі полиция департаменті растады.
"Аталған жол-көлік оқиғасы Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 10 сәуірде таңғы сағат 9-да болған", - делінген ведомство хабарламасында.Ақпарат бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін елемей, тауар пойызымен соқтығысып қалған. Зардап шеккендер жоқ.
Жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы (көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама жазылды."Материал әкімшілік сотқа жіберіледі", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.