Түркістан: Кентау қаласында 120 отбасы қоныс тойын тойлады

01 Желтоқсан, 2018 539 0

Бүгін Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, үй кезегінде тұрған азаматтарға баспананың кілтін тапсырды.

«Елбасымыз халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ірнеше бағдарламаларды іске қосты. Атап айтсақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары қазақстандықтарға шарапатын тигізуде. Оған бүгін сіздер де куә болып отырсыздар. Мұндай қуаныштар мұнымен шектелмейді. Үй кезегінде тұрған барлық азаматтар кезең-кезеңімен баспаналы болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.