​Жетісайлық 20 жас ақын жыр сайысында бақ сынады

29 Қараша, 2018 402 0

Түркістан облысында «Жетісай аудандық мәдениет үйінің» ұйымдастыруымен «Елі үшін туған Елбасы» атты аудандық мектеп оқушылары арасында жас ақындардың жыр мүшайрасының бірінші кезеңіне 20 ақын қатысса, ақтық сында 12 ақын бақтарын сынады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Осылайша туған жердің тарихы мен табиғатын, ата-баба ерліктерін, Тәуелсіз Қазақстанды әлемдік деңгейде танытқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбектерін жырлаған Жетісайлық жас ақындар мәдениет үйінің сахнасында бақ сынасты. «Жетісай аудандық мәдениет үйі» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 

«Елі үшін туған Елбасы» тақырыбында өткен жас ақындардың аудандық жыр мүшайрасына 14-16 жас аралығындағы 20 жас қаламгер өздерінің шығармаларын ұсынып, ақтық мәреге 12-сі шықты. Аталмыш жыр мүшайрасының бұған дейінгі мүшайралардан ерекшелігі – жас ақындар үш талап бойынша сынға түсті. Біріншісі – Елбасына арнау болса, екінші шарт – Жаңадан құрылған Жетісай ауданының ерекшеліктерін жырға қосу болды. Ал, үшінші шарт – әділ қазылар тарапынан ұсынылған бір қатар өлеңге қатысушылар белгіленген уақыт ішінде шумақтар шығару болды.

 «Мақсаты жастардың бойында отан сүйгіштік қасиетті қалыптастыра отырып туған жердің тарихын танып-білу, бабалар қанымен қол жеткізген тәуелсіздікті қадірлеу, қастерлеу болып табылатын байқау өзінің көздеген мақсатына жете алды, қойылған тақырып ашылды», - дейді ұйымдастырушылар.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.