Жетісайда жас отбасылар сайысы өтті
28 Қараша, 2018 465 0

Түркістан облысында Жетісай қаласындағы «№119» жалпы орта мектебінде Республикалық зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында жас отбасылар арасында «Толағай» сайысы болып өтті.
Жетісай қаласындағы «№119» жалпы орта мектебінде өткен «Толағай» спорттық отбасылық сайысына алты отбасы қатысты.
Жас отбасылардың сайысына арнайы қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев пен аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаевалар жастарға отбасы құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығы жайында ғибратты әңгімелерін айтып, ақыл-кеңестерін берді. Қатысушыларды алдағы келе жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
«Біз үлгілі отбасымыз» айдарымен өткен жас отбасылардың арасындағы байқаудың өтуіне аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі мен Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі белсене атсалысып, демеушілік жасады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018