Сүлейман Аль-Раджхи: Ақшасыз миллиардер
Сүлейман Аль-Раджхи: Ақшасыз миллиардер
Сауд Арабияның Аль-Касим қаласында 200 мыңнан астам пальма ағаштары бар. Бұл бақтан 45 түрлі құрма өндіріледі , жылдық өнімі 10 000 тонна.
Бұл әлемдегі көлемі өте үлкен бақ. Бақтан түскен қаражат әлемдегі мешіттердің құрылысына, қайырымдылық жұмыстарына және екі қасиетті мешітке (Мекке мен Медина) ифтар ұйымдастыруға жұмсалады.
Бақты Аллаға арнаған Сауд Арабияның ең бай адамы Сүлейман Аль-Раджхи.
Лашықтан шыққан миллиардер.
Сүлеймен ар-Раджи кедей отбасында өсті. Бір күні мектеп әкімшілігі ойын-сауық турын ұйымдастырып, әр оқушыдан бір риал беруді өтінді.
Алайда ата-анасында 1 риал жоқ еді. Сайыс жақындаған сайын бойын өкініш өртеп барады. Кенет, тоқсан сайынғы емтихандарының нәтижесі шығып, ол өз сыныбында бірінші орынға ие болады. Палестиналық мұғалімі оған 1 риалды сыйақы ретінде береді.
Қуанғаны соншалық, ойын-сауық бағдарламасының жетекшісіне барып, 1 риалын береді.
Уақыт өте келе ол білім алып, жұмысқа кірісті. "Джидда банк" деп аталатын бір бөлмелі кеңсе ашады. Кәсіпкерлік жолындағы басты ұраны - адалдық.
Қысқа мерзім ішінде Сауд Арабиясында «Раджхи» банкі танымалдылыққа ие болады.
Сүлейман ар-Раджи өзінің палестиналық оқытушысын іздеп, мұғаліммен кездеседі. Оқытушысы зейнеткер әрі материалдық жағдайы қиын болады. Раджи палестиналық мұғалімді көлікке отырғызады да, оған: «Мен сен сізге қарызбын» дейді.
Раджхи мұғаліміне бірнеше жыл бұрын өзінің 1 риал сыйақы бергенін айтады. 1 риалды қайтармақшысың ба деп мұғалімі күліп жібереді. Раджи бунгало(тропиктік аймақтағы тұрғын үй) алдына тоқтап, мұғаліміне бунгало мен көлікті сыйға тартатынын, және ендігі барлық шығындарына өзі жауап беретінін айтты.
Палестиналық мұғалімі көз жасына ерік беріп, бұл сыйлықтың тым көп екендігін айтады.
Раджи: "Сіздің маған берген 1 риалыңыздың арқасында мен осындай дәрежеге жеттім. Бақытыма сіз себепкерсіз",- деп ұстазына тағы да алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта Сулейман ар-Раджидің табыс құны 60 миллиард риалдан асады.
Ол коранавируспен күресу үшін өз еліне 170 миллион риал табыстады. Меккедегі екі қонақ үйді Денсаулық сақтау министрлігіне сыйға берген.
Forbes журналы оны әлемдегі ең үлкен 20 меценаттың бірі деп атады. Өмірбаяны басқаға үлгі боларлық тұлға.
Әлемдегі ең ірі ислам банкін құрумен қатар, ол таяу Шығыстағы ең үлкен құс фабрикасы - "Аль-Ватанияны" құрды.
Сауд Арабиядағы мешіттердің тең жартысын Раджа салдырған.
Қоластындағы 1,5 миллион жұмысшысына қомақты жалақы төлейді.
Ол: «Мен сексеннен асып кеттім! Маған бұдан артық не керек? Қор менің төлемдерімді төлейді, мені тұрғын үймен, тамақпен, медициналық қызметпен және көлікпен қамтамасыз етіп жатыр. Менде барлығы бар, жеткілікті".
Ақшасыз миллиардерсіз! «Бұл қалай?»,- деген сұрақтарға:
«Мен өзімді еркін сезінемін! Өзімді құсқа теңеймін... Алла мені мәңгілік мекенге шақырса, ешқандай қарсылықсыз кетуге дайынмын! Бұдан асқан жеңілдік жоқ.»