Түркістан: ​Алтын күз мерекесі аталып өтті

28 Қараша, 2018 423 0

Кентау қаласында «Алтын күз-2018» мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтті. 

Қала тұрғындары «Ынтымақ» алаңында «Алтын күз-2018» мерекесіне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін және Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының фойесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалды. Іс-шаралар Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиынмен жалғасты. 

Ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен және «Алтын күз» күзгі жиын-терім науқанының аяқталуымен құттықтаған қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев сала мамандарының өз ісіне деген адалдығы ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық екендігін атап өтті. Жиын барасында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, Қазақстан Фермерлер Одағының Кентау бөлімшесінің төрағасы Әбдімүліп Нарымбетов мерекелік құттықтауларын жеткізді. 

Еңбекта табысты болған сала мамандары облыстық мәслихат хатшысының, қала әкімінің, қалалық мәслихат хатшысының алғыс заттарымен марапатталды. «Озат» ауыл шаруашылығы қызметкерлері де арнайы марапаттарға ие болды.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.