Танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің жаңа клипінің режиссері болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.
"Достар, жақсы және жаман жаңалығым бар. Мен жаңа клипімнің режиссері болдым. Әрине, бұл өнертанушылар үшін жаман жаңалық.
Бірақ керемет жаңалық: мен жалғыз емеспін, мені және менің барлық көрермендерімді өте талантты қоюшы-оператор, режиссер және жай ғана мега мықты адам Азамат Дулатов құтқарды. Сонымен, достар, бәрі соншалық жаман болмайды. Жақында..."- деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-да.