​Мақтааралдық фермерлердің конференциясы өтті

28 Қараша, 2018 384 0

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында фермерлер Одағының конференциясы өтті, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиынға облыстық фермерлер Одағының төрағасы Жүсіп Шәріпов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Жанұзақ Әлжанов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов қатысты. Сондай-ақ, аудандық фермерлер Одағының төрағасы Ыдырыс Стамқұлов мәжіліске төрағалық етті. Күн тәртібінде аудандық фермерлер Одағының есепті баяндамасы тыңдалды. 

Сонымен қатар, аудандық фермерлер Одағының кеңес мүшелері мен төрағасын сайлау, ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің фермерлер Одағының төрағаларын бекіту мәселелері қаралды. Жиын барысында желтоқсан айында өтетін Түркістан облыстық фермерлер Одағының конференциясына және «Қазақстан фермерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің съезіне қатысатын делегат – фермерлердің кандидатуралары анықталды. 

Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Мырзамдамов ауыл шаруашылығына берілетін субсидия, аудандағы тұқым шаруашылығының барысы туралы сөз сөйледі.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.