weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Цой заңға өзгеріс еңгізді

Цой заңға өзгеріс еңгізді

Цой заңға өзгеріс еңгізді
ашық дереккөзі
 width=
"Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" министрдің 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 7) қоғамдық орындарда, халық келетін, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған нысандарда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталатын қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, 9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, бұған бес жасқа дейінгі балалар, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдар кірмейді", - делінген жаңартылған құжатта.
  Айта кетейік, 30 шілдеден бастап, Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелді. Сондай-ақ, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде ересектер ғана емес, балалар да маска тағу міндетті екенін айтқан еді.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→