Әлем елдерінде Құрбан айт мейрамы қалай тойланады?
Әлем елдерінде Құрбан айт мейрамы қалай тойланады?
Құрбан айт мерекесінің пайда болуы Ибраһим пайғамбардың өмірімен байланысты. Пайғамбар 86 жасқа дейін,яғни тұңғыш ұлы Исмаил дүниеге келгенге дейін бала көрмеген. Бірде Ибрахим түсінде Алла Тағаланың өзінен жалғыз ұлын құрбандыққа шалуын өтінгенін көреді. Алланың қалауына қарсы шығуға батылы жетпей, кейінірек Мекке қаласы салынған Мина аңғарына келеді.
Исмаил әкесіне қарсы болмай, Жаратушыға мойынсұнады. Соңғы минуттарда, Алланың, сынағынан өтіп, баласының орнына қошқар келеді. Исламда құрбандық шалу дәстүрі осылай пайда болған.
Мерекенің мәні Жаратушыға жақындап, оған жүгінуден тұрады. Дәстүр бойынша, Құрбан айт мерекесінде мүмін көршілеріне сүйіспеншілік пен мейірімділік көрсетіп, мұқтаж адамдарға көмектесу керек. Басқа мемлекеттерде қасиетті Құрбан айт мейрамы қалай тойланады? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі баяндайды.
Морокко
Марокко Корольдігі Мағребтағы ең ежелгі мемлекеттердің бірі. Мұнда, құрбан шалу мейрамы күн шыққан кезден бастап тойлана бастайды. Барлық мұсылмандар ең әдемі киімдерін киіп, мешітке таң намазына барады. Рабат тұрғындары Хасан мешітіне немесе Ұлы мешітке барады. Намаз соңында мароккалықтар көшеде топ болып жиналып, құдіреті шексіз Жаратушыны мадақтайды.
Мароккалықтардың басты ерекшелігі - бұл мейрамды олар міндетті түрде музыкамен атап өтеді.
Мальдив
Мальдив аралдары- дәстүр мен әдет-ғұрыпқа өте бай. Бірақ мұнда діни мерекелер көтеріңкі көңіл-күймен емес, бірқалыпты деңгейде өтеді. Әлемнің кез-келген мұсылман елдерімен сәйкес, Құрбан айт Мальдивада Зул-хижжа айының оныншы күнінде аталып өтіледі. Бұл күні мүмкіндігі барлардың барлығы Меккедегі қасиетті Қағбаға қажылыққа барады.
Эстония
Эстонияның мұсылман халқы Құрбан айт мерекесінде дұға оқу үшін ислам орталығына жиналады. Намаздан кейін адамдар мешітте уағыз соңына дейін тұрады, ол әдетте төрт тілде оқылады: орыс, эстон, араб және татар.
Құрбандық шалу мейрамының егжей-тегжейі әлемдегі көптеген мұсылмандарға белгілі. Құрбан айт мейрамына арналған дұғалардан кейін Ислам орталығы оларға дастархан жаяды. Намаздың соңында мұсылмандар құрбан шалады. Бай мұсылмандар қошқар,ешкі, немесе түйе мен сиырды құрбандыққа шалады.
Көптеген отбасылар айт мейрамын ашық аспан астында өткізуді жөн көреді: үйлерді жалға алып, отбасыларымен бірге жиналады, түрлі сайыстар, ойындар ұйымдастырады. Эстониялықтардың пікірінше, мұндай ортақ мереке мұсылмандар мен қалған эстон қауымының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі.
Индонезия
Индонезияда жалпы халық санындағы мұсылмандардың үлесі 80 пайызға жуық. Мейрамның өз атауы бар - Ид әл-Адха. Бұл мемлекеттегі ең маңызды мереке және ерекше атап өтіледі.
Мейрамға орай төрт күн демалыс береді. Барлық жерде отшашулар атылады.
Түркия
Түркия әдеттегіше мейрамға ерекше ықыласпен дайындалады.
Құрбан айт мерекесі ең үлкен діни мерекелердің бірі болғандықтан, Құрбан Байрамның алғашқы күні Түркияда демалыс күні болып саналады. Мектептер мен бірнеше басқа мемлекеттік органдар, соның ішінде мұражайлар жабылады.Кейбір мейрамханалар мен кафелер ертерек жабылып, жұмысын ертерек аяқтауы мүмкін.
Алайда, қазір әлемдік ахуалға байланысты қасиетті Құрбат айт мейрамы дүркіреп өтпейді. Әр мұсылман отбасы мейрамды үйлерінде қарсы алады.
Бұл індеттен де құтылармыз. Бастысы деннің саулығы. Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!