Тәуекел Мүсілім үйлену тойын тағы да өткізе алмады
Тәуекел Мүсілім үйлену тойын тағы да өткізе алмады
Карантинге байланысты тойын өткізе алмаған актер мойымай, белгіленген күні бәрібір де ет-жақындарымен бірге кішігірім отырыс жасаған.
Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім күні кеше, 30 шілде күні жеті бөлімнен тұратын үйлену тойын дүркіретіп атап өтуі керек болатын. Алайда, мемлекет бойынша жарияланған карантин актердің бар жоспарын құртып тастады. Дүбірлі шараны өткізе алмаған өнер иесі мойымай, белгіленген күні бәрібір де ет-жақындарымен бірге кішігірім отырыс жасаған, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Тәуекел Мүсілім үйлену тойы өтетін күні өзінің анасын, әпкесін және келіншегін оңтүстік астанадағы әдемі әрі қымбат мейрамханалардң біріне апарған. Белгілі актердің қуанышына олардан басқа жиендері де ортақтасқан.
Шоу-бизнес жұлдызы дүбірлі тойды өткізе алмаса да, отбасымен жоспарланып қойылған күнді атап өтуді жөн көрді. Ол жақындарымен бірге кешкі ас ішіп, мейрамханада елдің көзінше жарымен вальс биледі.
Желіде қос ғашықтың 30 шілдені қалай өткізгені туралы фото мен видеолар тарап кетті. Онда «бүгін Тәуекелдің жеті бөлімнен тұратын тойы болу керек еді» деп жазылған. Жас жұбайлар мұндай оқиға болып қаларын сезгендіктен, бұл мәселеге бола көңілдерін түсірмеген. Керісінше, олар бұл күнді тек ең жақын адамдарымен өткізгеніне аса қуанышты екендерін көрсетіп, Тәуекел Мұсілім өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялаған.
Естеріңізде болса, бұған дейін актер үйлену тойы 2020 жылдың 30 маусымына белгіленін, той Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде болатынын айтқан еді. «Қадірлі достар! Біз той күнімізді белгіледік. Салтанатты кеш 2020 жылдың 30 маусымына белгіленді. Той Алматы қаласында мейрамханада болады. Толық дайындықты бастап кеттік. іздің тойымызға дайындық барысын қарап, көріп, бағалап отырыңыз. Егер бұған қатысқыңыз келсе, мына +77017772316 нөмірге хабарласыңыз», - деп жазған болатын.
Алайда, карантин шараларының созылып кетуіне байланысты, той уақытын 30 шілдеге ауыстырған. Бірақ оның да реті келмеген тәрізді.