weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
31 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды
ашық дереккөзі

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталуы тиіс еді, бірақ елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты өтініштерді қабылдауды 20 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы қабылданды.
Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→