Тегеран мен Киев арасында келіссөздер жүріп жатыр, болған жағдайға Иран жауапты
Тегеран мен Киев арасында келіссөздер жүріп жатыр, болған жағдайға Иран жауапты

"Иран ұшақ үшін өтемақы төлеуге келісті, бірақ бұл мәселені шешу біршама уақытты алады, сонымен қатар, техникалық және заңды тұрғыдан шешілетін әртүрлі аспектілері бар",- деді Мусави.
"Тегеран мен Киев арасында келіссөздер жүріп жатыр, болған жағдайға Иран жауапты ", - деп толықтырды СІМ өкілі.Мусави көптеген жолаушылардың Иран азаматтары екенін еске салды. Украина мен Иран делегациясы арасындағы өтемақы туралы келіссөздер 30 шілдеде Киевте талқыланды. Тегеран әуежайынан Киевке ұшқан Украина халықаралық әуе компаниясының "Boeing 737-800" ұшағы 8 қаңтар күні таңертең апатқа ұшырады. 176 адам қайтыс болды: Иран, Украина, Канада, Ұлыбритания, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары.