Жаңалықтар

«250+ бағдарламасы»: басты мақсат - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту!

«250+ бағдарламасы»: басты мақсат - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту!

 width=

 Елдің ең шалғай және аз қоныстанған ауылдары - жақында жылдам интернет ұялы байланыс толқынына қосылады.  Бұл - «250+ бағдарламасы». Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коронавирус індеті кезінде интернет біздің - жұмысымызды да, спортпен шұғылдануымызды, тіпті медициналық қызметті де онлайн режимімен алмастырды. Бұған дейін Zoom бейнеконференциясы қарапайым қосымша қызметі ретінде танылған еді. Ал пандемия кезінде  оның көмегімен үкімет, ЕО, БҰҰ, ДДСҰ отырыстары мен сот процестері өткізілді. Пандемия телекоммуникация саласындағы революциялық серпінге ықпал етті деуге де болады. Маусым айында Zoom компаниясының нарықтық капиталдандыруы 50 миллиард доллардан асып кеткен..

IT корпорациялары пандемия кезінде әлемдік нарықтағы ең бай қызмет түріне айналды. 9 шілдеде Amazon-нің капиталдануы 1,54 трлн долларға дейін өсті, бұл Ресейдің ІЖӨ-нің соңғы жылдағы көрсеткіштен 25% -ға жоғары.

Өздеріңіз білетіндей, бүгінде Қазақстан Республикасы халқының шамамен 97%-ы интернетпен қамтылған.

Tele2 / Altel техникалық директорының орынбасары Болатбек Толкуновтың айтуынша, жобаның ерекше аталуының себебі - 250 адам тұратын ауылдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету. Айтпақшы, Алматы облысының өзінде  осындай 80-ге жуық ауыл бар, ал Қазақстан Республикасында мыңнан асады,  оларда қазір 3G және LTE желісі жоқ.

 Айтпақшы, тіпті АҚШ-та мүлдем байланыс жоқ жерлер бар, өйткені ранжде 3-5 ковбойлар үшін желі қондыру тиімсіз.  Минутына 5 доллар төлеу керек.

Tele2 / Altel-дің айфрмашылығы не?  Болатбек Толкунов айтуынша, бұл компанияның ұзақ мерзімді перспективалары бар әлеуметтік инфрақұрылымды жоба. Қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігі осыған байланысты. Яғни, жылдам интернеттің арқасында ауыл тұрғындары медициналық кеңестер, қажетті сертификаттарын алып, қашықтан оқу оқи алады.

Мысалы, үйде опера және балет театрына концертке баруға болады. «Астана Операдан» онлайн трансляцияны пайдаланып, тамашалауға болады.

Сарапшы  ғаламтордың арқасында қазіргі заманғы кәсіптердің бүкіл саласы дамыған Үндістанды мысалға келтірді.

 Әрине, жасыратын ештеңесі жоқ, бүгінде бұл жоба техникалық жағынан  қиындық тудыруы мүмкін, бірақ болашақта Қазақстандағы өмір сапасын жақсартуға үлкен үлесін қосады.

«Мен интернетсіз өмірдің  дәурені бітетінін мақтанышпен айта аламын», - деді сарапшы.

Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыруға ауылдарда көп қабатты үйлердің болмауы қиындатады.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» көптеген ауылдарға ТОБЖ желілерін орнатқаны, ұялы байланыс операторларына көп көмегін тигізеді. Жобаға мемлекет қолдау көрсетіп отырғанын да айта кеткен жөн.

Жабдықты орнатып, оны қосумен жоба аяқталмайды. Жоба барысында жергілікті тұрғындарды интернеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды үйрету жоспарланған.

Бағдарламаның оқу бөлігін серіктестермен бірігіп, компания дайындайды.

Басты мақсат - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту.

"Мысалы, Арыстан ауылының тұрғыны өзінің жасаған құрал-жабдықтарын инстаграм арқылы нарыққа шығарып, сата алады. Адамға мүмкіндік сыйлау бізді одан әрі жігерлендіреді. Басты міндет - көшке ілестіру",- деді Болатбек Толкунов.

Француз революциясының әйгілі ұраны "Либерте, Эгалите, Фратерите"  бүгінгі таңда былай айтылуы керек:

- «Бостандық, сандық теңдік, бауырмалдық».