Еліміздің екі миллион адамына вакцина егіледі
Еліміздің екі миллион адамына вакцина егіледі

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Орынбасарұлы: «Бұл вакцина қазір клиникаға дейінгі сынақтан өтіп жатыр. Клиникаға дейінгі сынақтар зертханалық жануарларға өтті. Оның ішінде тышқан бар, теңіз шошқасы дейміз, қоян бар және тағы да басқалар. Бүгінгі алынған нәтиже бойынша вакцина өзінің тиімділігін көрсетіп отыр», – дейді.Төрт түрлі 5 вакцинаны Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск деген қалашықтағы зерттеу институтының ғалымдары дайындап жатыр. Жалпы коронавирустан сақтану үшін вакцинаның кемінде екі дозасын алған жөн. Қазіргі уақытта әлем елдері тайталасып, екпелері әзір болғанын жар салуда. Бағалары да әртүрлі болмақ. Мәселен, британдық-шведтік компания әзірлеген вакцина арзандау. Германиядағы ғалымдар шығарған препарат 8000 теңгедей болса, америкалық «Модерна» компаниясының екпесінің дозасы теңгеге шаққанда 10 мыңнан басталады. Ал жамбылдық ғалымдар ойлап тапқан инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектің бағасы қанша болары белгісіз. Алайда мамандар шетелдікінен арзан болады деп отыр. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі вакцина пайда болса, елдегі екі миллионнан астам адамға салынатынын айтқан-ды. Жаппай егу қыркүйектен басталуы мүмкін.