Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 90 мыңға жуықтады
Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны 90 мыңға жуықтады
30 шілде күні Қазақстанда 1414 адамнан коронавирус анықталған. Вирус жұқтырған 787 адамда ауру белгілері байқалған,деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Көш басында әдеттегідей Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Осы айда вирус жұқтырғаны анықталғандардың абсолют саны бойынша бірінші орынға шыққа Атырау облысында бір күнде 67 жағдай тіркелген. Облыс қазір үшінші орында. Кейінгі апталарда Шығыс Қазақстан облысында күнделік тіркелетін жағдайлар саны тұрақты 100-ден асып келеді. Кеше облыста 187 адамнан коронавирус анықталған.
Ақтөбе облысында 17 науқас тіркелген. Бұл – кешегі тәуліктің ең төменгі көрсеткіші. Шымкент қаласында және Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 50-ге жетпеген. Осыған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Covid-тің бар-жоғын анықтайтын ПТР тестін аймақ бойынша үлестіруде мәселе барын айтқан.
Қазақстанда эпидемия басталғалы барлығы 89 078 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Бұл көрсеткіш коронавирус індеті бастау алды деп саналатын Қытайдың көрсеткішінен жоғары. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қытайда осы күнге дейін 87 486 жағдай тіркелген.
Аймақ бойынша жағдай мынадай:
- Алматы қаласында - 11662 (+218 адам жаңадан қосылған),
- Нұр-Сұлтан қаласында -11028 (+232),
- Атырау облысында - 10242 (+67),
- Қарағанды облысында - 8513 (+101),
- Шығыс Қазақстан облысында - 6262 (+187),
- Батыс Қазақстан облысында - 5713 (+74),
- Шымкент қаласында - 4869 (+30),
- Алматы облысында - 4320 (+63),
- Жамбыл облысында - 3492 (+49),
- Павлодар облысында - 3125 (+73),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 3038 (+61),
- Ақтөбе облысында - 3021 (+17),
- Қызылорда облысында - 2968 (+55),
- Маңғыстау облысында - 2875 (+39),
- Түркістан облысында - 2750 (+29),
- Қостанай облысында - 2615 (+66),
- Ақмола облысында - 2585 (+53).