Жаңалықтар

Димаш қазақ тілінде жаңа бейнебаян түсірді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.  Сахна жұлдызы бұл туралы Іnstagram-дағы парақшасында жазды. "Достар! Бірнеше күн бұрын қазақ тіліндегі керемет бір ән бойынша бейнебаян түсірілімінің аяқталғанын қуана хабарлаймын. Таяуда жаңа ән мен жаңа видео жарыққа шығады", - деді Димаш Құдайберген. Таяуда Димаш Қытайдағы ең үздік шетелдік әнші деп танылды. Сонымен қатар, әншінің қазақ тіліндегі алғашқы альбомы дайындалып жатқаны хабарланды.