Жаңалықтар

Несиелік төлемдер кейбір кәсіпкерлер үшін кейінге шегерілді

Несиелік төлемдер кейбір кәсіпкерлер үшін кейінге шегерілді

 width= Мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Атамекен» АЭС-не кәсіпкерлерді қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
"Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ең көп зардап шеккен салалардағы несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жүзеге асырылады", - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің сайты.