Түркістандық ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп жатыр

24 Қараша, 2018 482 0

үркістан облысы, Жетісай ауданында Жылысу ауыл округі Жылысу елдімекеніндегі ішкі орам көшелері рет-ретімен күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды newsroom+ тілшісі.

Соңғы жылдары мұндағы 21 көшенің 5-і талапқа сай жасалып, ел игілігіне берілген. Ал бір көшеге тас төселіпті. Қалғаны қалыпты жағдайда. Жуырда ғана жалпы ұзындығы 720 метрді құрайтын А.Арсыланов көшесі толық күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындары дән риза. Өйткені бұл көше сонау Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген екен. 

«Аудан, ауыл әкімдеріне ризашылығымыз шексіз. 25 жыдан астам уақыт жөндеу көрмеген көшемізді тақтайдай тегіс етіп істеп берді. Бұған дейін көшесіз ойдым-ойдым болып жататын. Бұдан бөлек, көшеміздегі электр бағаналары да ауыстырылды. Ауылдың көркі - көше мен жарық қой. Билік басындағы барлық азаматқа алғысымды білдіремін», - дейді 80 жастағы көше тұрғыны Айсұлу Нұрымбетова. 

Жалпы Жылысу елдімекенінде бүгінде 778 үйлі 6 мың халық тұрады. Ауылда 2 мектеп, 4 балабақша жұмыс істейді. Аудан орталығына жақын орналасқан ауылдың басым бөлігі Жетісайға қатынап еңбек етеді. Негізгі күн көрісі – мал және егін шаруашылығы.

«Алдағы жылдары ауылдағы қалған көшелер де күрделі жөндеуден өтетін болады. Әзірге жөнделуі кезек күттірмейтін көшелерді ретке келтіріп жатырмыз. Ауылда газ бар. Әбден ескірген электр бағаналары да жаңартылуда. Халыққа керегі де сол емес пе?», - дейді Жылысу ауыл округінің әкімі Ермек Дауылбаев. 



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.