Қазақстан азаматшасы Түркияда жоғалып кетті
Қазақстан азаматшасы Түркияда жоғалып кетті
21 жастағы Арайлым Орынбаева Түркияның Анталия қаласында жоғалып кетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.
"Бізге белгілісі, ол үйінен шамамен 2,5 ай бұрын кетіп қалған. Құжаттары үйінде қалған. Түркияда тұруға ықтиярхаты бар. Біздің Антальядағы консулдығымыз қызды іздестіру жұмыстарымен айналысып жатқан жергілікті полициямен байланыста. Мәселе бақылауда", - дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.Hurriyet басылымының мәліметінше, полицияға 41 жастағы Салтанат Орынбаева шағымданған. Ол біраз уақыт бұрын ол Түркияға қызымен және екі ұлымен көшіп кеткен. Оның айтуынша, 21 жастағы қызы үйден не төлқұжатын, не ақша алмай шығып кеткен. Анасы қызына бір күн бойы хабарласа алмаған соң полицейлерді шақырған. Олар периметр бойынша бақылау камераларын тексере бастаған. БАҚ мәліметінше, куәгерлер қызды таулы өлкеде орналасқан Хурма-Шайыр зиратының жанынан көрген. іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.