Төлебиліктер дәстүрлі құндылықтарды дәріптеді

24 Қараша, 2018 497 0

үркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Төлеби ауданында өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Көшпелі керуеннің мақсаты - облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін ара-қатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады. Төлеби ауданында өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы сүбелі сөз сөйлеп ашты. 

Сондай ақ, жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Беспаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, ауданның бас имамы Анарбаев Самат Сапарханұлы қатысып, өз ой пікірлерін білдірді. Жиын еркін формат түрінде өтті. 

Айта кету керек, мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өркендеп өсе түсуіне, елімізде дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.