Ақтаулық жеткіншектердің анайы ойын ойнаған видеосы таралды
Ақтаулық жеткіншектердің анайы ойын ойнаған видеосы таралды
Алайда, мәселені құр "еліктеді" деп жаба салуға бола ма? Білетіндер бала шақтағы мұндай ерсі ойындар кері әсерін болашақта міндетті түрде береді, дейді. Өйткені кез-келген ақпарат санада жылдар бойы сақталады. Балалықпен болған ойынның салдары өскесін біреудің бүтіндей тағдырын талқандауы мүмкін. Ақгүл Молдабекова, психолог:"Балалар интернетте бұрын көрген эротикалық видеодағы әрекеттерді еліктеп, қайталаған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 1-бөлігі, яғни сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді".
Хош. Ерсі қылыққа барып, жасы кішіге дөкейлігін көрсетуге әзір тұратын балалар да жетеді елімізде. Қарапайым мысал. Өкініштісі желіде де осы тектес видеолардан көз сүрінеді. Статистиканың оң өзгеруіне былтыр қатаңдатылған заң да көмектесер емес, дейді құзырлы орган өкілдері. Айгүл Туарбаева, қалалық Полиция департаментінің аға инспекторы:"Видеоны әсерлі қылып түсірсе, дауыстарын назар аудартатын қылса, онда сезімі берілсе, балаларға ол тартымды қылып тұрады. Сол тартымды болғаннан кейін бала соны жасауға тырысады. Ол ойлауы мүмкін, ол басқа балаларға ұнайды деп. Балада қиындық проблемалары туған кезде олар осындай әрекетке үнемі баруы мүмкін. Кейін ол рефлекс түрінде қалыптасып кетуі мүмкін".
Ал психологтар балалармен погондағылар емес, ата-аналары жұмыс істеу керек, дейді. Ержан Мырзабаев, психолог:"Қазіргі таңда жалпы білім мекемелерінде арнайы жасөсіпірімдермен іс-жүргізетін мектеп инспекторлары бекітіледі. Осындай әкімшілік құқық бұзушылық немесе құқықтық құқық бұзушылық жасаған балалармен арнайы жұмыс жүргізіледі".
Иә, айналып келгенде мәселенің түп-төркіні үйдегі тәрбиеге келіп тіреледі. Әке-шешесінің қарауындағы бала жаман ортаға түспейді, заңға қарсы жүрмейді. ұятсыз видео да көрмейді. Анығы осы."Ең бірінші негізгі себебі осы ата-аналар балаларға көңіл бөлмейді. Жеткілікті дәрежеде уақыт өткізбейді. Және ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды жақындық жоқ. Көп ата-аналар бала тәрбиесін киіндіру жегіздіру, тұратын жерімен қамтамасыз ету деп ойлайды. Бірақ негізінде бұны мемлекетте жасай алады".