Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегі тәжік тарапына берілді

11 Желтоқсан, 2018 1985 0


2018 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Қазақстан Республикасынның гуманитарлық көмегін тәжік тарапына ресми табыстау рәсіміне қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Тәжікстанға    5000(бесмың) тонна жалпы алғанда 83 цистерна жылыту мазутын жеткізу мақсатында, 1,5 млн. АҚШ доллары бөлінді.

Осы жүк туралы куәлікті Елші Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевқа тапсырды.

Елші Нұрлан Сейтімов өз сөзінде Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстанның халқына гуманитарлық көмек көрсетіліп келе жатқандығын және оның жалпы сомасы 2006 жылдан бері 36 млн. АҚШ долларынан асқанын атап өтті.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.