Жаңалықтар

Аза тұту күні: Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Аза тұту күні: Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

 width= Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке коронавирустан қайтыс болғандарды еске алуға арналған ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты, деп мәлімдеді Қырғызстан президентінің ресми сайты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан халқының және өзімнің атымнан коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алуға арналған ұлттық аза тұту күні бауырлас Қырғызстан азаматтарына қолдау білдіріп, қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Қиын сәтте індетпен күресіп жатқандардың бәріне сауығып кетуді тілеймін", - деді Тоқаев жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданып жатқан шаралар мен қырғызстандықтардың бірлігі алдағы уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына мүмкіндік жасайтынына сенім білдірді. Ол Қазақстан бауырлас Қырғызстан халқына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Еске сала кетсек, Қырғызстанда 30 шілде коронавирустан қайтыс болғандарды еске алуға арналған ұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын. Бұл елде індетті 34 592 адам вирус жұқтырып, 1 347 адам көз жұмды.

Қазақстандағы ұлттық аза тұту күні

2020 жылдың 13 шілдесі мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болды. Соңғы мәліметке сәйкес, індеттен 793 адам көз жұмды.