Шымкент тұрғыны: Дезинфекция деп жүргендері қарапайым су!
Шымкент тұрғыны: Дезинфекция деп жүргендері қарапайым су!

«Мынау ма хлорларың сенің? Бетімді жуып берейін, міне, көзімді де жуайын. Сендер жай су сеуіп жүрсіңдер а? Қарапайым су ғой мынау. Мен саған бетімді жудым, көзімді жудым, мынау су, неге алдап жүрсіңдер қарапайым халықты э? Біттіңдер ғой алдап э?!».Қала әкімдігінің өкілдері ізін суытпай сол тұрғынды шақырып алып, көзінше, эксперимент жасады. Тағы бір мәрте дәріні бетін шайып тұрып, тексеруге мүмкіндік берді. Сөздеріне сенсек, бұл залалсыздандырғыш сұйықтық иіссіз, әрі судың түсін өзгертпейді. Сертификаты да бар дейді. Ең бастысы, тірі жанға зияны жоқ екен. БОЛАТ МАЛИМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Бұның бір тиімділігі, бұл бактерияларды тез арада өлтіреді. Қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ. Адам денсаулығына зияны жоқ. Өзіміздің Қазақстанның өңірлерінің барлығы осы кислотаны қолданып жатыр".Айта кету керек, бүгін Шымкент әкімінің екі бірдей орынбасары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметінен босатылды. Екеунің де бұл лауазымда жүргеніне бір жылдан аспады. Шенеуніктердің қызметтен кетуіне не себеп болғаны әзірге ашып айтылмады.