Коронавирусты бірден өлтіретін әдіс табылды
Коронавирусты бірден өлтіретін әдіс табылды
Зерттеу аясында ғалымдар дәрігер Энтони Гриффитстің басшылығымен тәжірибе жүргізген: олар вирус жұққан материалды ультракүлгін сәулелендірудің бірнеше дозасымен өңдеген.
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова коронавирус суда көбейе алмайтынын айтты,- деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, коронавирус қайнаған суда "лезде өледі".
"Вирус теңіз суында да, тығыз суда да көбейе алмайды, бірақ сақталып қалуы мүмкін. Сондай-ақ вирус жоғары температурада өмір сүре алмайтыны анықталды", - дейді Попова РФ президенті Владимир Путин қатысқан санитарлық-эпидемиолоиялық жағдайға байланысты отырыста.
Сондай-ақ Бостон университетінің Жұқпалы аурулар бойынша ұлттық зерханасы (NIEDL) коронавирусты инактивацияландыратын тиімді әдіс тапқан. Зерттеу аясында ғалымдар дәрігер Энтони Гриффитстің басшылығымен тәжірибе жүргізген: олар вирус жұққан материалды ультракүлгін сәулелендірудің бірнеше дозасымен өңдеген.
Бір шаршы сантиметрге бес миллигоуль шамдарын өңдеу кезінде SARS-CoV-2 таралуы алты секунд ішінде 99 пайызға төмендеді, ал бір шаршы сантиметрге 22 миллигоуль шамдармен өңдеген кезде коронавирус 25 секундта толығымен жойылатыны анықталған.