Жаңалықтар

30 Шілде қандай күн ?

30 Шілде қандай күн ?

Бүгін – Халықаралық достық күні. Бұл – күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Оған мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық себеп болды. Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні 2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамбдеясы бекітті. 30 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1937 жылы Шығыс Қазақстанда "Рубцовск-Риддер" теміржол учаскесі ашылды; 1954 жылы Қытайда Іле қазақ автономиялық ауданының негізі қаланды; 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Кабо-Верде Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды; 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Шығыс Уругвай Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды; 2015 жылы Панфилов өңірінде өндірістік-коммерциялық операцияларға арналған "KTZE-Khorgos Gateway" құрғақ порты ашылды.