Жаңалықтар

Қырым мен Украинаның қақтығысы Ресейге залал тудыруда

Қырым мен Украинаның қақтығысы Ресейге залал тудыруда

 width= Дональд Трамп кездесуде Владимир Путинді көруге қарсы емес, бірақ ГФР СІМ басшысы Хайко Маас Украина проблемасына байланысты ресейлік лидермен келіссөз үстеліне отыру  мүмкін емес дүние екенін айтады. Ал Кремль G7 жиынына қатысуды қаламайтынын, одан да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі –  "ядролық бестіктің" кездесуіне баруды жөн көретінін мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

"Қауіпсіздік тауар емес"

Биыл Германия мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының 65 жылдығын атап өтеді. Вашингтон мен Берлин одағы еуроатлантикалық қауіпсіздіктің кепілі саналады. Алайда мерейтой бұзылуы мүмкін. Жаздың басында АҚШ президенті шынымен де Германиядан 9,5 мың әскерін шығаруға дайындалып жатқаны мәлім болды. Басты себеп — неміс билігінің Солтүстікатлантика альянсына бөлінетін шығыстарды ұлғайтпауы. Берлиннің америкалық тауарларға бажды төмендетуден бас тартып отырғаны да Ақ үйге ұнамайды.
"Трамп НАТО-ны сауда ұйымымен шатастырады. Қауіпсіздік – тауар емес,  ол қос тараптың өзара ымырасы",- деп қарсылық білдірді Германия қорғаныс минисрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр америкалық лидерге. Бірақ, бәрі босқа. "Егер немістер біздің қорғауымызда болғысы келсе, қарызынан құтылып, НАТО бюджетіне жарнаны ұлғайтсын", - деді Американың Берлиндегі бұрынғы елшісі Ричард Гренелл. Трамп оны қостады.
Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі турасында да ымыра жоқ. Америкалықтар "Северный поток — 2" және "Турецкий поток" еуропалықтардың Ресей газына тәуелділігін күшейтіп, саяси тәуекелдер тудыратынын айтып жатыр. Германия мұнымен келіспейді, оларға Вашингонттың араласқаны ұнамайды. Америкалықтар болса, Ресейдің энергетикалық жобаларына қатысатын еуропалықтарға қарсы жаңа санкциялар енгізіп, өз дегенінен қайтпауда.

Қытайға қарсы альянс

Берлин мен Вашингтон Мәскеуге қатысты ортақ мәмілеге келген сыңайлы: Қырымның Ресейге қосылуын мойындамау, Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалда Киевті қолдау. Бірақ басқа проблемалар бойынша екі елдің ұстанымы әртүрлі. Өткен аптада мемлекеттік департамент Қытайға қарсы альянс құру жоспары жайлы мәлімдеді. Майк Помпео, тіпті, бұған Мәскеуді тартуды ұсынды.
АҚШ-тың Еуропамен зымыран келісімі: неміс тілшілері нені анықтады?
Сол арада президент Трамп қыркүйекте өтетін G7 саммитіне Владимир Путинді шақыру идеясын еске түсірді. "Үлкен сегіздікті" қайта қалпына келтіру туралы сөз қозғалмаса да, бұл Қытайға қарсы одақты талқылауға таптырмас мүмкіндік, деп топшылаған сыңайлы Вашингон.
  Германияның ойы басқа. Ангела Меркель Қытай шынымен де тек АҚШ үшін ғана емес, Еуропа үшін де "басты сыртқы саяси қатерге" айналып барады деп санайды. ГФР канцлерінің пікірінше, әзірге бірде бір мемлекет ҚХР-ға қарсы тұра алмайды.
"G7-нің антиқытайлық одаққа трансформациялануы Берлин мүддесіне сай келмейді", - деп сенімді мәлімдеді Меркель. Оны пандемия өршіген тұста АҚШ-тағы саммитке бару қаншалықты дұрыс деген сауал мазалап жүр.
Неміс дипломатиясының басшысы Хайко Маас Трамптың саммитке Путинді шақыруына үзілді-кесілді қарсы.
"Қырым мен Украинаның оңтүстік-шығысындағы әскери қақтығыс Ресейдің G8-ден шығуына түрткі болды. Бұл мәселелер өз шешімін таппай, Мәскеуді қайта қосу мүмкіндіктерін көрмей отырмын", - деп мәлімдеді ол.
Десе де, бұл диалог мүмкін емес дегенді білдірмейді, деп толықтырды Маас. Ол Укарина, Сирия мен Ливиядағы қақтығыстарды реттеуде Ресейсіз ілгерілеу мүмкін емес екенін жеткізді.

"Бесеудің саммиті"

Мәскеу бұл пікірталасқа үн қатты. СІМ мен Федерация кеңесі ешқандай да  антиқытайлық бірлестіктерге қатыспайтынын, Қытаймен ынтымақтастық Ресей үшін басымдыққа ие екенін мәлімдеді.

"Жетілік тобы" батыс әлемінің бірлігін көрсету құралына айналды, бірақ жаңа шешімдер қабылдауды доғарды. Ресей кез келген форматтағы диалогқа әрдайым дайын, алайда қатысушылар теңдігі міндетті түрде сақталған жағдайда ғана", - деп атап өтті Федерация кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Константин Косачев.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу "Үлкен жетілікке" оралуды көздемейтінін қадап айтты.
"Ресейді G20 жұмысы қанағаттандырады. Ол қазіргі экономикалық шынайылыққа әлдеқайда жақсы жауап береді",- деп түсіндірді Песков.
Мұны G7 де мойындаған болатын. Владимир Путиннің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері –  бес мемлекеттің саммитін ұйымдастыру бастамасы да біраз қызығушылық туғызды. "Бесеудің саммитіне" қатысты пікірталас ұзаққа созылған жоқ. АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания Ресейдің ұсынысын қолдап, талқылайтын мәселелер бар екенімен келісті. "Бесеудің саммиті" болжаммен қыркүйекке жоспарланған. Пандемияға байланысты жиын бейнебайланыс форматында өтуі мүмкін. Қазір саммитте талқыланатын тақырыптар анықталып жатыр.

Берлин мен Вашингтон арасындағы "сөз соғысы"

Джордж Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының маманы Пал Дунай РИА Новостиге берген сұхбатында асығыс пайымдардан сақтандырды. Сарапшы АҚШ пен Германия арасындағы көптеген халықаралық мәселеге қатысты қарама-қайшылықтарды "сөз соғысы" деп атады.
"Берлин Вашингтонмен жария түрде сөзге келіп қалмауға тырысады. Неміс истеблишменті Трамптың барлық әрекеті сайлау алдындағы науқанмен байланысты екенін түсініп отыр. АҚШ презиенті НАТО одақтастарына қатысты табанды екенін көрсетуге тырысып бағуда. Тіпті, бұл еуроатлантикалық қауіпсіздікке нұқсан келтірсе де. Бірақ, басқа негізгі мәселелер бойынша, "Северный поток — 2", америкалық әскерилердің Германияда болуы, Ресеймен өзара іс-қимыл болсын, ГФР билігі өз позициясын айқын білдіреді", - деп түсіндірді Дунай.
Сарапшылардың пікірінше, ішкі қайта құру мен мақсаттарды пайымдау кезеңі G8 тобын жаңғыртуға қолайлы уақыт емес. Оған қарағанда "бесеудің саммитінің" перспективасы әлдеқайда зор. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері пікірталастарда бір-бірін үнемі тыңдай бермейді. Мемлекет басшыларының жүзбе-жүз кездесуі жағдайды өзгертуі әбден мүмкін.