Жаңалықтар

Мәскеудің үмітін үзу: Қытай мен Түркия Ресейді тығырыққа тіреді

Мәскеудің үмітін үзу: Қытай мен Түркия Ресейді тығырыққа тіреді

 width= Қытай ресейлік газды сатып алу көлемін азайтқан. 2020-жылдың басынан бастап ҚХР бар болғаны 1,27 млрд. кубметр газ сатып алған. Осы негізде жалғаса берсе, онда жыл соңында Қытай Ресейден бар болғаны 3,1 млрд. куб. газ алмақ, ал бұл жылдық келісімнен 40%-ға аз. Келісім бойынша жылына 5 млрд куб газ сатып алынуға тиіс. Қытай тарапы бұл көрсеткішті пандемияның кесірінен деп көрсетті. Ал қазіргі таңда іске қосылған «Сібір күші» газ құбыры бар болғаны 60% көрсеткішпен жұмыс істеп тұр. Ресей газы тіпті тиімді бағаға қарамастан сатылу көлемі азаюда. Мысалы сәуір айында ресейлік мың куб.метр газдың құны 183 доллар болған. Ал түркімен газын Қытай осы аралықта 226 долларға, өзбек газын 212 долларға сатып алған. Тек қана Қытай емес, Түркия да Ресей газын сатып алуды азайтқан. «Түрік ағымы» газ құбырынан ресейлік газды Анкара алуды азатса, мамыр айынан бастап «Көк ағыс» газ құбырын қолдануды тоқтатқан. Ал шілде мен тамыз аралығында «Түрік ағысы» газ құбырын «уақытша жөндеу» деген сылтаумен тоқтатып тастады. Алайда ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеді.

Асхат Қасенғали